Емханада дәрі-дәрмектер QR-коды арқылы босатылуда

Емханада дәрі-дәрмектер QR-коды арқылы босатылуда

Жергілікті тұрғындар медициналық ұйымдарға енгізілген «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасының игілігін көруде. Жаңа жүйе медициналық ұйымдар арасында алғаш рет Шымкент қалалық №6 емханада енгізілді. Пациенттер тегін босатылатын дәрі-дәрмектерді QR-коды арқылы алуда.
Тұрғындар енді бұрынғыдай емханаға қайта-қайта келіп уақыт жоғалтпайды. Дәрігерді рецепті eGov Mobile мобильді қосымшасына жүктеледі. Кейін пациентке 1414 арқылы хабарлама түседі. Пациент дәріханаға барып, ұялы телефонындағы QR кодын ұсынады. Фармацевт те бұрынғыдай ақпаратты қолмен енгізбейді, QR кодын сканерлеп, рецепт бойынша препараттарды береді.
Пилоттық жоба болғандықтан, 18 жасқа дейінгі емделушілерден QR-код талап етілмейді. Бұл әзірге динамикалық бақылауда тұрған пациенттер арасында қолданыста. Цифрлық жүйе тиімділігін көрсетіп отырғандықтан, емхана тәжірибесі қаладағы өзге де медициналық ұйымдарға енгізіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаппай егін жинау науқаны басталған сәттен күн тәртібіне шыққан негізгі мәселенің бірі – жаңа өнімді қабылдауға бос орындардың болуы. Осыған...

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдер...