Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Қызыл су тұрғын алабындағы тұрғындардың көтеріп жүрген ауыз су мәселесі қазіргі уақытта түбегейлі шешілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі күнге дейін тәулігіне 3,4 сағат қана су берілетін тұрғын алабы, бүгінгі күні тәулік бойы үздіксіз сапалы ауыз суды пайдалануда.
Шалғайда орналасқан тұрғын алабта ауыз су мәселесін оңтайландыру мақсатында Шымкент қаласы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жауапты мамандары тарапынан «Родник-2004» ЖШС-і бірқатар жұмыстар атқарылды.
Нәтижесінде, іске қосылмаған 50 м3 су жинақтағыш жөнделіп, құбырларды жуып-тазалау, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, 200-ге жуық абонент тұрақты түрде ауыз су тұтынуда.