Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты «Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың қазан айының 16 жұлдызы күні сағат.12.00-де кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау бойынша профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары арасында жиналыс өткізілді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жұмыстарының негізінде тек қана білімді болумен шектеліп қоймай, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардың жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу да маңызды болып табылады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата - ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық болмауына пайдасын тигізеді. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу жайлы және бұл қазіргі уақытта аса өткір мәселе екендігі айтылды. Жиналысқа Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» маманы Салтанат Ержанқызы, Түркістан ҚПБ ЖПҚ бастығының орынбасары полиция майоры С.Құлбайымбетов, Түркістан ҚПБ жедел уәкіл полиция майоры М.Тұрсынбек, Түркістан ҚПБ ЖПҚ учаскелік инспекторы полиция майоры Н.Тұрсынбекұлы, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ плиция аға лейтенанты Д.Қонырбаев, Түркістан ҚПБ ЖПҚ инспекторы полиция лейтенанты Б.Мейірхан қатысты.
Жиналыстың негізгі тақырыбы бойынша Түркістан ҚПБ жедел уәкіл полиция майоры М.Тұрсынбек қала көлемінде кәмелетке толмағандар арасында жалпы орын алып отырған құқық бұзушылықтарға тоқтала кетіп, кәмелетке толмағандар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке, ал 16 жастан бастап әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, қылмыс түрлерін саралап, оның жауапкершілігі жайлы түсіндіріп өтті. Насихаттау тобының мүшесі, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» маманы Салтанат Ержанқызы діннің ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетінін, балаларға иманды да инабатты, елі мен жерін сүйетін тұлға болу керектігін айтып, оларды өтірік айту, ұрлық жасау сияқты түрлі зиянды заттардан, әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенант Қоңырбаев Дархан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріп, деректер келтіріп, қылмыс жасалған жағдайда әрбір азамат заңда көрсетiлген ереже бойынша жауапкершiлiкке тартылатынын, Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас өспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғанын айтып өтті. Құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз. Сондықтан да, жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еніп келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етейік.