«Асыл жүрек» - өмірге деген құштарлықты арттырады

«Асыл жүрек» - өмірге деген құштарлықты арттырады

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Асыл жүрек» белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлерді салауатты өмір сүруге шақырып, өмірге деген құштарлықтарын арттыруда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Орталығымызға 65 жастан асқан қала тұрғындарын қабылдаймыз. Келем деушілерге ешқандай шектеу жоқ. Қызмет алушылар алғашқы орталыққа келгенде міндетті түрде дәрігерлік тексеруден (терапевт, кардиолог, невропатолог, физиотерапевт) өтеді. Апта сайын дендросаябаққа барып йогамен айналысады. Йога иммунитетті қалыпқа келтіруге көмектеседі. Оның мақсаты - тән мен жанның үйлесіміне жету. Сонымен қатар массаж, физиотерапия, фитобар, тұзды кеніші және өзге де қызмет түрлерін көрсетеміз» -деді орталық басшысы Мауия Сахибекқызы.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 81 241 зейнеткер бар. «Асыл жүрек» белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жайында толық ақпаратты 8(7252) 53-02-08 хабарласу арқылы ала аласыздар!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...