Шымкентте рейдтік іс-шаралар жүргізілді

Шымкентте рейдтік іс-шаралар жүргізілді

Шымкент қаласында карантин талаптарын сақтау бойынша аудан аумақтарында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Абай ауданы бойынша мобильдік топ 38 нысанды аралады. Аудан әкімі аппаратының және жергілікті полиция қызметкерлері, №13 емхананың қызметкерлері сауда нысандарына тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рейд барысында 6 нысанда мерекелік іс-шаралар өтіп жатқандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аудан әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандырмақ. Қала тұрғындарын карантиндік талаптарды сақтап, жауапкершілікті сезінуге шақырамыз.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...