Алматы қаласында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында Студенттік Ассамблеяның ашылуы өтті. Студенттік өзін-өзі басқару жаңа ұйымының белсенділерімен алғашқы кездесуге университет ректоры Мейрам Бегентаев пен «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан халқы Ассамблеясына сілтеме жасап.
Студенттермен кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанаты қызметінің өзекті бағыттары бойынша «миға шабуыл» форматында өтті. Алдағы жастар жобаларының қолданбалы сипатына және дарынды жастарды қолдау алаңы ретінде Студенттік Ассамблеяны дамытуға назар аударылды.
Студенттер қауымын қоғамдық келісімді сақтау және Қазақстан халқының бірлігін нығайту үдерісіне тарту мақсатында жоғары оқу орындарында «Ассамблея жастарының» жұмысы күшейтілгені айтылды.
Сәтбаев университетіндегі Студенттік Ассамблея жас ғалымдармен және сарапшылармен өзара әрекеттесуді кеңейтуге ықпал етеді. Сондай-ақ, кездесу барысында ауылдық аймақтарда, әсіресе этностар ықшам орналасқан жерлерде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесудің қорытындысы бойынша Т.Джумурбаев университет басшылығы мен студенттік өзін-өзі басқару қауымына аталмыш бастаманы қолдағаны үшін алғысын білдірді, сонымен қатар жаңа ұйымның белсенділеріне университет қабырғасында Студенттік Ассамблеяның ашылғаны туралы куәлікті табыстады.