Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды

Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойына арналған марафон салтанатты түрде бастау алды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Мерекенің алғашқы іс-шарасы Үрмелі музыка кеші болды.

Бұл музыкалық кеште студенттік ұжымдар өнер көрсетіп, классикалық музыкадан бастап қазіргі заманға дейінгі әсем әуендермен көрермен ықыласына бөленді.

Сахнада үрмелі аспаптарда орындалатын түрлі әуендер ұсынылды. Оның ішінде кернейшілер ансамблі, флейташылар, кларнетшілер, үрмелі квинтет және үрмелі оркестр бар. Әрбір нөмірдің шабыт пен шеберлікке толы өз оқиғасы болды.

Бұл кеш үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының ұзақ жылғы еңбегі мен тарихына жасалған құрмет іспеттес. Кафедра мұрасы өнерге адал қызмет етуге баулыған түрлі буын музыканттарымен өлшенеді. 

Кештің арнайы қонағы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалқаман Дүйсенбаев жетекшілік ететін ағаш үрмелі аспаптар квинтеті болды.

Қалқаман Дүйсенбаев та консерваторияны мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Мерейтойлық марафон 23 қарашадан 3 желтоқсанға дейін жалғасады және Республика сарайының сахнасында өтетін салтанатты гала-концертпен аяқталады. Көрермен осы күндері танымал ұжымдар мен белгілі солистердің, сондай-ақ консерваторияның дарынды түлектерінің өнерін тамашалай алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...