«Таза Қазақстан»: Төлебидегі сенбілікке 1 мыңнан астам тұрғын қатысқан

«Таза Қазақстан»: Төлебидегі сенбілікке 1 мыңнан астам тұрғын қатысқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталған болатын. Бүгінде Түркістан өңірінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында сенбіліктер өткізіліп жатыр. Түркістан облысында бағдарлама басталғалы бері сенбіліктер мен тазалық жұмыстарына 300 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1 500-ден астам техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 1 миллионға жуық тал отырғызылып, 3 389 тонна қоқыс шығарылған, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Мәселен бүгін Төлеби ауданында акция аясында көше бойлары мен арық-атыздар күл-қоқыстан тазартылды. Одан бөлек, қураған ағаштар бұталып, жол бойлары ретке келтірілді. Сенбілікке барлығы 1200 адам мен 18 техника жұмылдырылған. Бүгінде ауданда әр аптаның жұма және сенбі күндері тұрғындардың қатысуымен тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға...

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...