«Таза Қазақстан»: Ордабасыда жалпыхалықтық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан»: Ордабасыда жалпыхалықтық сенбілік өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталған болатын. Осы ретте Ордабасы ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында сенбілік өтті. Шараға аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, тазалық жұмыстарын бақылады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Атқарылған тазалық шараларына аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен ерікті жастардан барлығы 500-ге жуық адам қатысты. Акция аясында көше бойлары мен арық-атыздар күл-қоқыстан тазартылды. Одан бөлек, саябақтар ретке келтіріліп, қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бағдарлама басталғалы бері сенбіліктер мен тазалық жұмыстарына 300 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1 500-ден астам техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 милионға жуық тал отырғызылып, 3 389 тонна қоқыс шығарылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға...

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...