Шымкентте рейдтік тексерулер жүргізілді

Шымкентте рейдтік тексерулер жүргізілді

Бүгінде Шымкентте эпид ахуал тұрақсыз. Бұл туралы  Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осыған орай Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері қалалық полиция департаменті мамандарымен бірге мейрамханаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында тұрғындардың аудан аумағына қарасты Бәйдібек би даңғылындағы «Ақбастау», «Мерей», «Шымкент-Холл», М.Дулати көшесіндегі «Теріскей», Орымбаев көшесіндегі «Нарлен»мейрамханаларында құдалық, беташар, ұзату сынды той-томалақ өткізілгендігі анықталып, оларға тосқауыл қойылды.

Ал, Қазыбек би көшесіндегі «Sova» және Т. Рысқұлов көшесіндегі «Sakagrand» кафелері келушілерге қор-қор (кальян) ұсынғандығы белгілі болды.

Сенбі-жексенбі күндері 84 кәсіпкерлік нысанға рейд жүргізіліп, карантин талаптары сақталмаған 9-на айыппұл салынды. Жалпы мұндай бақылау жұмыстары тек демалыс күндері емес, күн сайын ұйымдастырылып жүр. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары және тәртіп сақшылары Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің бекіткен соңғы №18 Қаулысына түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілуде.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сейтқазиева Ұлжан Садыққызы – өз өмірін медицина саласына, соның ішінде қан қызметін ұйымдастыруға арнаған білікті маман. Ол өзінің еңбек жолын 1985 жылы...

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі білім беру саласында қолжетімділікті, қызмет сапасын және ашықтықты арттыруға бағытталған...