Жолдау: Сауранда ауыл тұрғындарына арналған қос медициналық нысан ашылды

Жолдау: Сауранда ауыл тұрғындарына арналған қос медициналық нысан ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек»- деген болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, Сауран ауданында қос медициналық нысан пайдалануға берілді. Шаға ауылдық округі, Шаға елді мекенінде фелдьшерлік акушерлік бекеттің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Шараға Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев, аудандық емхананың бас дәрігері Бахыт Стамқұлов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. Медицинанлық нысанның ашылуына қатысқан ауыл тұрғындары облыс, аудан басшылығына өз тараптарынан алғыстарын білдіріп, игі тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ, ауданға қарасты Оранғай ауылдық округі, Бостандық елді мекенінде де фельдшерлік акушерлік бекеттің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Қос нысанның ашылуы аудан тұрғындарын ерекше қуанышқа бөлеп, емдік шараларды енді облыс орталығына барып қабылдамай-ақ, өз ауылдарында алуға мүмкіндік туғанына ризашылығын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Туринде XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиада өтіп жатыр. Ел намысын биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, қысқы спорттық бағдарлау,...

Түркістан облысында 2024 жылы тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы 271 348 дана «Гриппол+» екпесін тұрғындарға егу жұмыстары жүргізілді. Жалпы өңір тұрғындарының 12,9%-на екпе егілген. Бұл...

2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 683,7 мың қазақстандық қатысты. 546,9 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 358,8 мыңы...