Түркістан: Бәйдібек ауданында тағы бір ауыл табиғи газға қосылды

Түркістан: Бәйдібек ауданында тағы бір ауыл табиғи газға қосылды
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында ауыл-аймақтарды қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл облыс әкімінің басшылығымен облыс бойынша 47 ауыл «көгілдір отынмен» қамтылды. Даму жоспары аясында жыл басынан бері Бәйдібек ауданында 15 елді мекен табиғи газға қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Оның ішінде Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылына газ берілді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, облыс әкіміөңір басшысының құттықтауын жеткізді.
– Биыл облысымыз үшін де, оның ішінде бәйдібектіктер үшін де жемісті жыл болды деуге толық негіз бар. Қазіргі таңда Бәйдібек ауданында 50 ауылдың 36-сында «көгілдір отын» қолжетімді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» дейді халық даналығы. Қуанышты күндеріңіз көп болсын, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілейік, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, облыс бойынша 2024 жылдың қорытындысымен 564 елді мекен (69,9 %) немесе 1 млн 834 мыңға жуық тұрғын (85,5 %) табиғи газбен қамтылатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...