Жыл қорытындысы: Еңбекші ауданында 43 ойын алаңшасы орнатылды

Жыл қорытындысы: Еңбекші ауданында 43 ойын алаңшасы орнатылды

Биыл ауданда көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

2023 жылы аудан аумағында 28 көше жарықтандырылса, биыл 192 көшеге жарық жүйелері жүргізілді.

Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 244-ке жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ ауданда тұрғындар өтінішіне сәйкес 15 орынға ирригациялық арық салынды. Жергілікті азаматтардың өтініші негізінде 43 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 аулаға ашық спорт алаңдарының құрылысы жүргізілді.

Онымен қоса 5 елдімекенді табиғи газбен қамту жұмыстары басталды. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 5 демалыс орны салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Сонымен қатар 3 көпқабатты үйдің қасбеттері безендіріліп, жарықтандырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет елдің туристік аймақтарын тиісті жағдайға келтіру жөнінде...