Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

«Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді», – делінген жеделхатта.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет елдің туристік аймақтарын тиісті жағдайға келтіру жөнінде...