Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Ресей, Ленинград облысы

Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Іс-шараға  Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті  Шавкат Мирзиёев қатысты.

Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы және Ұйым қызметінің басым бағыттары талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет елдің туристік аймақтарын тиісті жағдайға келтіру жөнінде...