Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Ресей, Ленинград облысы

Мемлекет басшысы Ленинград облысында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Саммитке Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, бейнебайланыс арқылы Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары мен негізгі міндеттері талқыланды. Сонымен қатар саммит қатысушылары Ұйым қызметінің өзекті мәселелері және жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында...