Әл-Фараби ауданында 2 елдімекенге ауыз су жүргізілуде

Әл-Фараби ауданында 2 елдімекенге ауыз су жүргізілуде

Әл-Фараби ауданының шалғай елдімекендері саналатын Ақтас-2 және 276 орамда ауыз су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  Жасалып жатқан жұмыстардың барысын бақылаған аудан әкімі Рашид Мыңбаев мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауын сұрады.

Жоспарға сейкес Ақтас-2 шағын ауданындағы ауыз су құрылысы 2021 жылдың қарашасында аяқталуы тиіс. Ал осы жылдың маусым айында басталған 276-шы орамдағы ауыз су құрылысы келесі жылға өтпелі.

Аталған жұмыстар аяқталса 276 орамда 260 үй, ал Ақтас-2 шағын ауданында 45 үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкенттегі Достық үйінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жомарт жан» жобасы аясында «Мектепке жол» акциясын бастады. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы...

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Онда Мемлекет...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес...