Шымкентте ҚХА мүшелері «Мектепке жол» акциясы аясында 532 оқушыға қолдау көрсетті

Шымкентте ҚХА мүшелері «Мектепке жол» акциясы аясында 532 оқушыға қолдау көрсетті

Бүгін Шымкенттегі Достық үйінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жомарт жан» жобасы аясында «Мектепке жол» акциясын бастады.

Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, кәсіпкер А.Халназаровтың тікелей атсалысуымен акция аясында әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 100 оқушыға 1,5 млн. теңгенің мектепке қажетті оқу құралдарын (сөмке, дәптер, пенал, түрлі-түсті қалам, қаламсаптар және т.б.) табыстады.

Игі іс-шараға қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Тахирбек Нишанбаев, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Арипджан Халназаров және «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов қатысып, оқушылардың білім алуына қажетті керек-жарақтарын үлестірді.

Аталған акцияны Ассамблея алаңында ұйымдастырған жауаптылардың айтуынша, бұдан бөлек, қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі бастауыш сыныптарға баратын 32 бүлдіршінді қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуді өз жауапкершілігіне алса, қалалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері Шымкенттің 13 нүктесінде дәл осы мақсатта қайырымдылық іс-шарасын өткізіп, 6 млн. теңгенің заттарын аз қамтылған, әлеуметтік осал топтар мен көп балалы отбасылардан шыққан балаларға таратуда.   

Айта кетейік, Шымкент қалалық ҚХА мүшелерінің қолдауымен «Мектепке жол» акциясы аясында жалпы, 7,9 млн. теңгенің көмегін шымкенттік 532 оқушыға табыстады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкенттегі Достық үйінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жомарт жан» жобасы аясында «Мектепке жол» акциясын бастады. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы...

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Онда Мемлекет...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес...