Қаратау ауданының әкімі «Өтеміс», «Шапырашты» тұрғындарымен кездесті

Қаратау ауданының әкімі «Өтеміс», «Шапырашты» тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі М.Әйтеновтің шалғай елдімекендерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкім А.Әліқұлов аудан аумағына қарасты «Өтеміс», «Шапырашты» тұрғын алаптарына барып, елдімекеннің өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аудан басшысы аталған елдімекендерді дамыту мақсатында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Таяуда ғана «Өтеміс» тұрғын алабында 3 көшеге асфальттау жұмыстары жүргізілді. Арық каналы жөндеуден өткізіліп, тұрғындардың ауыз су мәселесі толығымен шешімін тапты.

Сонымен қатар, «Шапырашты» тұрғын алабында 1986 жылы құрылысы қаланған, жалпы алаңы 1092,7 шаршы метр «Шапырашты» мәдениет үйі толық күрделі жөндеуден өтті.

Абзал Шымкентбайұлы БАҚ өкілдеріне алдағы уақытта аталған елдімекендерде инфрақұрылым жүйелері бойынша атқарылатын жұмыс жоспарларын таныстырды.

Айта кетейік, бүгінде «Өтеміс» тұрғын алабындағы 300, «Шапырашты» тұрғын алабында 228 тұрғын үй бар. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Казахстане  продолжается работа по системной модернизации топливно-энергетического комплекса....

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі...