ҚР Парламенті мәжіліснің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы Шымкент қаласындағы жұмыс сапары аясында Еңбекші ауданында орналасқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы «Nazar textile» ЖШС кілем фабрикасында кездесу өткізді, деп хабарлайды Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына сілтеме жасаған No-comment.kz
Кездесуге «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Тіленшин Ерік Керімұлы қатысты.
Елбасы, “Nur Otan” партиясының лидері Н.Назарбаевтың 2005 жылғы 6 шілдедегі Жарлығымен Шымкент қаласында құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы бүгінде өңіріміздегі мақта-тоқыма кластері дамуының негізгі локомотиві болып табылады. Себебі, қазіргі таңда бұл экономикалық аймақта отандық нарықты қамтып қана қоймай, өз өнімдерін шет мемлекеттерге экспорттап жатқан ауқымды кәсіпорындардың бірі. Солардың бірі қабырғалық, едендік, декоративті және төсемдік полипропилен тоқымадан кілем бұйымдарын шығаратын «Nazar textile» ЖШС. Кәсіпорын қазіргі уақытта 150 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылына 2,3 млн шаршы метр кілем шығарады. Өнімдері ішкі нарықта да, ТМД елдерінде де сатылады.
Кездесу барысында Мұхтар Тілдәбекұлы бүгінде еліміздің өнеркәсіп секторында жеңіл өнеркәсіптің маңызы жоғары екендігін, әлеуметтік маңызға ие жеңіл өнеркәсіп саласы экономиканы түрлендіруге, әлемдік нарықта дағдарыс толқынына қарсы тұру мүмкіндіктерінің бірі екенін атап өтті.