Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады

Президент Қырғызстан Сыртқы істер ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, берік достық пен тату көршілік байланыстарға арқа сүйеген қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық сипатында қарқынды әрі дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Оның пікірінше, бұл келісімдер стратегиялық сипатқа ие әрі мемлекетаралық ықпалдастықты айтарлықтай нығайтады.

Жээнбек Кулубаев Мемлекет басшысына екі елдің сыртқы істер ведомствосы басшыларының арасында өткен келіссөздердің нәтижесі мен екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша бірлесе атқаратын жұмыстың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты арттыруға, көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға, өзара инвестициялар және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі жандандыруға айрықша мән берілді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...