ТЖМ басшысы БҚО-дағы «Кублей» және «Зенит» кәсіпорындарына барды

ТЖМ басшысы БҚО-дағы «Кублей» және «Зенит» кәсіпорындарына барды

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі «Зенит «Орал зауыты» АҚ кеме жасау зауыты мен «Кублей» ЖШС тамақ өндірісі атты екі негізгі кәсіпорынға барды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ТЖМ басшысы шағын және орта кемелерді құрастыруға маманданған «Зенит» зауытында өндірістік процеспен танысып, құтқару және шұғыл қызметтер бөлімшелерін жарақтандыру тұрғысында кәсіпорынның әлеуетін талқылады.

Консервіленген өнім шығаратын «Кублей» кәсіпорнына сапар барысында мемлекеттік материалдық резервке жеткізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Сатып алу шарттары, логистика және стратегиялық азық-түлік қорларын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Шыңғыс Әрінов еліміздегі азаматтық қорғау жүйесінің тұрақтылығын арттыру үшін отандық өндірушілермен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Басымдық берілетін туристік бағыттардың жай-күйін бағамдау мақсатында өңірлерге жұмыс сапарын жалғастырған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек...