Президент белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады

Президент белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікке «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбатына орай жеделхат жолдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатыңызды мұқият оқып шықтым. Өзекті ой-толғамдарыңыз арқылы ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылған. Төл әдебиетіміздің даму көкжиегіне қатысты сын-пікірлеріңіз бен жас буынға қарата айтқан ақыл-кеңестеріңіз орынды деп санаймын. Шын мәнінде, жаһанды жайлаған қазіргідей құбылмалы заманда жазушылар қауымы көркем туындылары арқылы әділдік, жақсылық және адамдық құндылықтарын кеңінен дәріптегені жөн. Бұл еліміздің келешегі үшін өте маңызды. Қаламыңыз қарымды болсын! Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін! – делінген жеделхатта.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар үшін жаңа жағдайда өтті. Үкімет Мемлекет басшысының...

Қыдырбекова Жанар Сиязбекқызы – Шымкент қаласындағы №23 мектеп-лицейінің тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі. Ұлағатты ұстаз саналы ғұмырын жас...

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі бір-бірін қасиетті...