Елордада «Grand Fest» музыкалық фестивалі басталды

Елордада «Grand Fest» музыкалық фестивалі басталды

Астанадағы амфитеатрда «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің концерті өтті. Өнер ұжымы дәстүрлі күй мен халық әндерін заманауи авторлық өңдеуде орындап, ұлттық мұраны жаңаша үлгіде паш етті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Концерттік бағдарламада жаңа туындылар мен эксклюзивті музыкалық композициялар ұсынылып, ансамбль әртістерінің шеберлігін айқын көрсететін бірегей музыкалық әуендер орындалды.

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айзат Қарабек, Ерболат Шалдыбеков, халықаралық конкурстардың лауреаты Жанту Дадабаев қатысты.

Бұл іс-шара «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ұйымдастырған «Grand Fest» музыкалық фестивалі аясында концерттік бағдарламалар сериясының бір бөлігі болды.

Ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасы, жанды музыка және жанрлық ерекшелік - барлығы да түрлі буын өкілдерін өнер айналасына топтастыратын жылы әрі шабыт сыйлайтын атмосфераны қалыптастырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әлімбет ауылында "Ауыл құтқарушылары" республикалық бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты...

Бүгінде Қазақстанда химия өнеркәсібіндамытуға, сұранысқа ие өнімдерді жасауғабағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі екпін химиялық өнімдердің ауқымды жәнестратегиялық маңызды түрлеріне аударылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ...