Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және  өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады,...