Елімізде 1500 гидротехникалық құрылыс тексерістен өткізілді

Елімізде 1500 гидротехникалық құрылыс тексерістен өткізілді
Қазақстанда тасқын суды қауіпсіз өткізу үшін гидротехникалық құрылыстарды тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық су қоймалары тасқын суын қабылдап, қауіпсіз өткізуге дайындалуда. Министрліктің бассейндік инспекциялары еліміз бойынша 1500 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізді. Нәтижесінде барлық анықталған кемшіліктер жойылды. Сондай-ақ 105 гидроқұрылысқа көп факторлы зерттеу жүргізілуде, бұл өткен жылға қарағанда 20 нысанға артық. Бұл жайлы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады,...