Мақсат - татулықты тұғырынан түсiрмеу

Мақсат - татулықты тұғырынан түсiрмеу

Бүгін "Достық үйінде" Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Кеңестe: Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық құрамына Шымкент қаласы ҚХА тарапынан ұсынылатын кандидаттар тізімін бекіту, Шымкент қалаcы ҚХА мүшелігіне және оның кеңесі құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың ережелерін бекіту, олардың құрамдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, Этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы мен Мемлекет басшысының "Адал адам – Адал еңбек Адал табыс" қағидасын icке асыруға атсалысу, "2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы" аясындағы жобаларды icке асыру сынды мәселелер күн тәртібiне шығарылып, қаралды.
Қалалық ҚХА тарапынан атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталған қала әкімінің орынбасары қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын баяндап, ел бiрлiгiн бекемдейтiн бастамаларға атсалысу этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдарға жүктелген маңызды мiндет екенiн айрықша айтты.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Ассамблеяның 30 жылдығы аясында ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспары мемлекеттік деңгейде бекітілді. Өз кезегінде Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Ғабит Сыздықбеков бекітті. Аталған іс-шаралар жоспары Ассамблея жанындағы құрылымдар, этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне алдын-ала таратылып берілген. Енді қалалық ассамблея мүшелері, қалалық ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдар, этномәдени бірлестіктер, «Қоғамдық келісім» мекемесі мен аудан әкімдері, салалық басқармалар мен оқу орындары осы жоспарда межеленген іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруы керек. Мақсат – тек ұйымдастырып, өткізу емес. Әрбір іс-шараның мазмұнын ашып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің мән-маңызын ашуға бағытталуы тиіс, – дедi Сәрсен Құранбек.
Отырыста Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы қалалық ҚХА төрағасының орынбасары, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев, Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» тақырыбындағы сұхбатының негізгі идеялары мен бастамаларын icке асыру жайында қалалық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Наталья Романова, этносаралық татулықты нығайтуда БАҚ-тың рөлі туралы Қазақстанның құрметті журналисті Әбдез Иманқұлов, қалалық ҚХА жанындағы «Жомарт жан» орталығының ҚХА-ның 30 жылдығы аясында атқаратын жұмыстары туралы қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан, Шымкент қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Кенжехан Төлебаев, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректоры, қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың департамент директоры, қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Қайрат Анарбаев сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін жеткіздi.
Айта кетейік, кеңес отырысына қалалық ішкі саясат және жастар істері, білім, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармаларының басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, жоғары оқу орындарының ректорлары, қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың (Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ, Медиация кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, Кәсіпкерлер қауымдастығы, «Ассамблея жастары» ұйымының қалалық өкілдігі) төрағалары қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынған болатын. Бірінші...

Үкіметте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдануда, деп...