Түркістан қаласының әкімі қорғаныс істері басқармасының жұмысымен танысты

Түркістан қаласының әкімі қорғаныс істері басқармасының жұмысымен танысты

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына барып, мекеменің жұмыс барысымен танысты. Сапар барысында қаланың қорғаныс саласындағы қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында әскери міндеттерді орындау, азаматтарды уақытылы әскери қызметке шақыру және қорғаныс бағдарламаларын іске асыру жолдары баяндалды. Әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, қауіпсіздік пен қорғаныс саласының даму перспективаларына ерекше назар аударды.

Әзімбек Пазылбекұлы Қорғаныс істері басқармасының қызметкерлерімен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, әскери дайындық деңгейін арттыру, материалдық-техникалық жабдықтарды жаңарту және инфрақұрылымды жақсарту секілді маңызды мәселелер қаралды.

2024 жылғы көрсеткіштерге сәйкес, Түркістан қаласынан 546 азамат Қарулы Күштер қатарына шақырылып, белгіленген жоспар артығымен орындалған. Бұл қорғаныс саласының тиімділігін көрсететін оң нәтиже екендігі атап өтілді.

Қала басшысы сапар қорытындысында қорғаныс саласының алдағы уақыттағы басымдықтарын анықтап, қызметкерлерге нақты тапсырмалар берді. Әкімнің айтуынша, азаматтарды әскери қызметке шақыру, жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету және әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту — басты міндеттердің бірі болып қала береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры денсаулық сақтау саласында көмек көрсетудің 3 негізгі бағытын анықтады: инновациялық мақсатты дәрілік заттарды...

«Қазақстан халқына» қоры әлеуметтік қолдау және оңалту саласында 29 жобаны іске асырып жатыр. Ерекше балаларға арналған облыстық және аудандық...

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры еліміздің білім беру саласында 19 бағдарлама мен жобаны іске асырып жатыр. «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің...