Шымкентте аялдамалар жаңаруда

Шымкентте аялдамалар жаңаруда

Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығымен қалада 65 аялдама орнатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оның бүгінде 43 данасы толығымен аяқталды. Ал ауыстырылған ескі үлгідегі аялдамалар қаланың шалғай елді мекендеріне орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы қалада 250 аялдама павильоны орнатылды. Оның 170 данасы ескі аялдаманың орнына, ал 80 данасы бос орындарға қойылуда. Айта кету керек, қала орталығынан шыққан 170 ескі аялдаманың 60%- жарамсыз, ал 40%-ы шалғай аудандардағы бос орындарға орнатуға жарайды. Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде, 2025 жылы қала аялдама павильонымен толық қамтамасыз етілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...