Сиань-Шымкент: жайлы ортаны дамыту жобалары пысықталуда

Сиань-Шымкент: жайлы ортаны дамыту жобалары пысықталуда

Екі күннен бері шымкенттік делегацияның Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы ресми жұмыс сапары аясында бірқатар мазмұнды кездесулер өткізілуде. Сапар Сиань қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығымен бірлесе ұйымдастырылған. Кездесулерде қаланы көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту бағытында Сианьдегі үздік тәжірибелер таныстырылып, лотос гүлдерін өсіру арқылы саябақтар мен су айдындарын көгалдандыру жобасы ұсынылды.

Сонымен қатар, делегация заманауи технологиялармен жабдықталған қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарының жұмысымен танысты. Тиімді тәжірибе қаламыздың экологиялық ақуалын жақсартып, жағымды микроклимат қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұдан бөлек, Сиань қаласының Сыртқы байланыстар басқармасы және қытайлық компаниялардың өкілдерінің қатысуымен B2B форматындағы басқосулар ұйымдастырылып, Shymkent Invest тарапынан мегаполистің инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуеті таныстырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдер...