Олжас Бектенов Республикалық бюджет комиссиясы отырысын өткізді

Олжас Бектенов Республикалық бюджет комиссиясы отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

РБК отырысының қорытындысы бойынша орман тәлімбағын құру, ұлттық гидрометеорологиялық қызметті жаңғырту және өрт қауіпсіздігін күшейту арқылы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар қосымша қаржылық қолдауды қажет ететін бірқатар жоба қарастырылды.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың басшыларына процесті қатаң бақылауға алып, шығыстардың негізсіз артуына және жобалар құнының өсуіне жол бермеуді тапсырды. Бағдарлама әкімшілерінің жұмысын күшейту және сметалық құжаттамада енгізілген жоба құнын сақтау қажеттігіне назар аударылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуде. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов журналистермен өткен брифинг барысында...

Алматы қаласында «Мерейлі отбасы – 2025» Ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Ұлттық конкурс) жыл сайынғы дәстүр бойынша Халықаралық отбасы күніне орай 15...