Түркістан облысында 1400-ден астам балабақша санитарлық бақылаудан өткен

Түркістан облысында 1400-ден астам балабақша санитарлық бақылаудан өткен

Түркістан облысында 1 449 балабақша санитарлық бақылаудан өткен. Оның 268-і мемлекеттік, 1 135-і жекеменшік болса, 46-сы мектеп жанынан құрылған шағын орталықтар. Нысандардың санитарлық-гигиеналық және техникалық жағдайы, жиһаздармен жабдықталуы, сыйымдылығы, қызметкерлердің медициналық бақылаудан уақытылы өтуі, тамақтың сапасы мен қауіпсіздігі, нормативті-құқықтық актілерге сәйкес болуы назарға алынған. Бұл жайында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нұрбек Нышанов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Спикер былтыр Келес ауданындағы балабақшаның асханасында санитариялық-гигиеналық талаптың бұзылғаны бойынша дерек анықталғанын жеткізді. Сондай-ақ, жалпы балабақша асханасында рұқсат етілмеген бірқатар азық-түлік өнімдері жайында айтты. Атап айтқанда, пастерленбеген сүт, сүзбе, қаймақ өнімдері, кремі бар кондитерлік өнімдер, фаст-фудтар мен гамбургерлер, ход-догтар, пиццалар, наггетстер, дәмдік қоспалары бар тұздалған қытырлақ нандар, йодталмаған тұз, байытылмаған бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға тыйым салынған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңыз бар жобаларды жүзеге асыру...