Түркістан облысында 4 қаржы пирамидасының жұмысы тоқтаталды

Түркістан облысында 4 қаржы пирамидасының жұмысы тоқтаталды

Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Бахтияр Жүзенов мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен былтыр 4 қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде «Charoit», «Eoulus», «Chia-Tai», «Q-Net» қаржылық пирамидаларының жұмысы тоқтатылды. Қылмыстық іс 25 күдіктіге қатысты болды. Нәтижесінде 1 000-нан аса жәбірленушілерден 400 млн теңге жымқырған. Бүгінде департамент тарапынан «Datamain Ai», «Асар баспана», «Chia-Tai» қаржылық пирамидаларына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы 36 желілік саябақта қаржылық пирамидалардың тізімі жасақталған QR-кодтар орнатылды. Сонымен қатар, интернет желісінен 1 500 алаяқтық чат бұғатталған. Қазіргі таңда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен бірге қаржы пирамидаларынан сақ болу, қаржылық сауаттылықты арттыру, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектептер мен жоғарғы оқу орындарында тұрақты түрде дәрістер өткізілуде. Одан бөлек, халық көп шоғырланатын орындарда үнемі қаржы пирамидаларының қауіптілігі жөнінде мәліметтер таратылуда»,- деді спикер.

Айта кетейік, былтыр елімізде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен 20 млрд теңгеден аса шығынмен қаржылық пирамидаларын құру және оны басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық іс тергеліп, 13 млрд теңгеден астам қаражат жәбірленушілерге қайтарылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет Басшысының мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында Түркістан облыстық мәслихатының...

«Turan» спорт базасында 300 орынға дейін сыйымды жатын орын мен асханасы, конференция залы мен медкабинеттері, 10 футбол алаңы (4 көгалды және 1...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының...