Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде

Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қала әкімдігі алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын басты назарда ұстап отыр. Жылу беру маусымының тұрақты және үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында жылумен қамту нысандарында кешенді жөндеу және алдын алу шаралары жүргізілуде.
Гидравликалық сынақтар нәтижесінде 98 ақау анықталып, соның 68-і немесе шамамен 70%-ы жойылған. Жөндеу жұмыстары магистральдық желілермен қатар, ішкі орамдық жүйелерде де қарқынды жалғасып жатыр.
Көпқабатты тұрғын үйлерді дайындау ерекше бақылауға алынған. Қазіргі таңда 2 154 көпқабатты үйдің 456-сы толық дайындалған. Әлеуметтік маңызы бар нысандар — мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт мекемелері де жоспарға сәйкес әзірленуде. 212 нысанның 104-і дайын.
Сонымен қатар, қазандықтар мен сорғы станцияларын дайындау жұмыстары да жүргізілуде. 27 қазандықтың 16-сы, 40 мектеп қазандығының 20-сы дайын. Сорғы станцияларындағы жоспарланған жұмыстың 47 пайызы орындалған. Қазіргі уақытта жылу жабдықтарына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
1 қыркүйекке дейін ескі құбырлардың жылу оқшауламасы толық ауыстырылады. 2 927 шибердің 80-і жаңасына алмастырылады. Бұдан бөлек, бірқатар нысандарда ғимараттар мен қоршауларды сырлау және әктеу жұмыстары жүріп жатыр.
Қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтар үшін 1 650 тонна көмір сатып алу жоспарланған. Қала бойынша жалпы 137 учаскеде 33,2 шақырым жылу құбыры жаңартылуда. Бұл жұмыстар 10 қазанға дейін аяқталады. «Күншығыс» шағынауданында ұзындығы 0,45 шақырым желі жаңартылып жатыр.
2029 жылға дейінгі ұлттық жоба аясында ТЭЦ-3 станциясынан бастап ОНС-1 негізгі сорғы станциясына дейінгі магистральдық жылу желілері қайта жаңғыртылады. Жобаның жалпы ұзындығы — 17 шақырым. Оның алғашқы кезеңі 2025–2026 жылдарға жоспарланып, осы аралықта 4,5 шақырым құбыр ауыстырылады.
Қала әкімдігі тарапынан қолға алынған барлық шаралар тұрғындарды жылусыз қалдырмай, қыс мезгілін қалыпты әрі қауіпсіз жағдайда өткізуге бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В южной столице подвели промежуточные итоги Года рабочих профессий, объявленного Президентом Казахстана. Подробности в интервью с руководителем...

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің...

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға...