Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Литва Республикасы бүгінде Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өз мемлекеттілігін нығайтып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жолында едәуір жетістікке қол жеткізгені жазылған.

Президент Қазақстан мен Литва арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухында өрістеп келе жатқан қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының биылғы қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында...