Түркістан облысында экологиялық мәдениетті арттыруға арналған «Бұл сенің туған өлкең» акциясы жүзеге асады

Түркістан облысында экологиялық мәдениетті арттыруға арналған «Бұл сенің туған өлкең» акциясы жүзеге асады

Бүгін Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» жастар ұйымының мүшелері мен белсенді жастар бас қосып, жылдық жоспарды талқылады. Жоспарға сай биыл түркістандық жастар Наурыз айынан бастап ағаш, гүл көшеттерін отырғызуға белсенді араласады. Сонымен қатар, аудандардағы орман және көгалдандыру мекемелерімен меморандумға отыру жұмыстары талқыланды. Жиынға 17 аудан-қала жастар орталықтарының басшылығы «ZOOM» желісі арқылы қосылды. Бүгінде өңірде «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істейтін жастардың саны 1300-ден асады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Жылдағы дәстүр бойынша жастарды ынталандыру, Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып еңбек жасақтарының белсенділігін арттыру мақсатында «Жасыл ландшафт», «Үлгілі ауыл», «Туған жер», «Үздік түлек» байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталмақ. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу, тұрғындардың экомәдениетін қалыптастыру мен қоршаған ортаны таза ұстау бойынша түрлі тиімді жобалар қолға алынбақ.

Бұдан бөлек, өңірде облыстық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Жас Түркістан» еріктілер ассоциациясының ұйымдастыруымен «Бұл сенің туған өлкең» акциясы жүзеге аспақ. Шара барысында 1000 жастың қатысуымен экологиялық акция ұйымдастырылатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...