Ұлы жеңістің 80 жылдығы: тағзым және тағылым

Ұлы жеңістің 80 жылдығы: тағзым және тағылым

Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтпек. Бұл атаулы дата Қазақстан халқы үшін ерекше маңызға ие. Осыған орай, еліміздің барлық өңірлерінде бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлы Жеңіс күнін кең көлемде дәріптеу және батырлардың өшпес ерлігін жадымызда жаңғырту қажеттігін атап өтті. Президент тапсырмасына сәйкес, мерекелік шараларды өткізуге мемлекеттік мекемелермен қатар, жоғары оқу орындары мен жастар ұйымдары да белсенді атсалысуда.
Мәселен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 күн – 80 игі іс» атты бастаманы қолға алды. Бұл жоба алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оның аясында 9 мамырға дейін күн сайын түрлі іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, ардагерлермен кездесулер, тәлімгерлік сабақтар, дөңгелек үстелдер, поэзия кештері, фотокөрмелер және спорттық жарыстар жоспарланған.
Жобаға университет ректоры, оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты. М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Басқарма Төрағасы – ректоры Дархан Ахмед-Заки өз сөзінде оқу орнының тарихына тоқталып, соғыс жылдарындағы ерекше деректерді атап өтті.
– Біздің университетіміз сұрапыл соғыс жылдары, 1943 жылы құрылды. Оның алғашқы түлектерінің бірі, №1 диплом иегері – ұлағатты ұстаз Анатолий Александрович Балакирев Отан қорғау жолында ерлік көрсетіп, «Батылдығы үшін» және «Мәскеуді қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Ол осы оқу ордасында білім алып, кейіннен проректор қызметіне дейін көтерілді. Сондай-ақ, университет қабырғасында бірнеше соғыс ардагері ұстаздық етті, – деді Дархан Жұмақанұлы.
Бұл бастама жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, ардагерлер ерлігін ұлықтауға және тарихи жадыны жаңғыртуға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады, деп...

Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

«Қазмедиа орталығының» студиясында экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау...

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары өз пікірлерін білдірді, деп...