Ауыл болашағы – ортақ жауапкершілік

Ауыл болашағы – ортақ жауапкершілік

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Баймырза ауылындағы ауылдық клубта тұрғындармен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Абай Калыков, Наиль Мунасипов, Данияр Сакенов, Асель Ыдырышканова және Ғазиза Улыкманова қатысты.

Кездесу барысында кандидаттар партияның негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат беріп, ауылдық аумақтарды дамыту, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және халықты әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, ауылдың дамуына қатысты өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу өтті. Кездесуге 100-ге жуық адам қатысты.

– Ауылдың дамуы – ел дамуының маңызды бөлігі. Ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелерге назар аударып, олардың ұсыныстары мен бастамаларын ескеру қажет. Бүгінгі кездесуде тұрғындармен ашық пікір алмасып, ауылдың тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелерді талқыладық. Халықпен тікелей байланыс орнату – нақты қажеттіліктерді түсінудің маңызды жолы, – деді Данияр Сакенов.

 

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Б. Қ. Алтынбеков.

Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ