Шымкент тұрғындарына ерікті қоныс аудару бағдарламасы түсіндірілді

Шымкент тұрғындарына ерікті қоныс аудару бағдарламасы түсіндірілді

Шымкент қаласында азаматтарды белгіленген өңірлерге қоныстандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы бұл бағдарлама аясында 1 000 адамды көшіру жоспарланып отыр. Бастама өңіраралық еңбек ұтқырлығын арттыру және ішкі көші-қонды ынталандыру мақсатында жүзеге асуда, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Осыған орай, Тұран ауданының Құрсай ауылында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Жиынға Өңіраралық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Р. Даурбаева мен бөлім маманы Г. Байымбетова қатысып, мемлекеттік бағдарламаның шарттары мен қатысу тетіктерін жан-жақты түсіндірді. Тұрғындарға бағдарламаның артықшылықтары туралы ақпараттар айтылды.

Кездесуге 30-ға жуық ауыл тұрғыны қатысып, қоныс аударушылар мен қандастарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және еңбек нарығындағы өзгерістер жөнінде мағлұмат алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В южной столице подвели промежуточные итоги Года рабочих профессий, объявленного Президентом Казахстана. Подробности в интервью с руководителем...

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің...

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға...