Шымкентте 8 наурызға орай көпбалалы аналарға әлеуметтік төлем беріледі

Шымкентте 8 наурызға орай көпбалалы аналарға әлеуметтік төлем беріледі

Шымкент қаласында 2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша көпбалалы аналар саны – 67 741, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 13 805. Көп балалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны 53 936, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады.

Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі «Азамттарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ