Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіледі

Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіледі

2025 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер мен соғысқа қатысушыларға құрмет көрсету мақсатында бірқатар ауқымды шаралар жүзеге асырылады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Ардагерлер мен соғысқа қатысушылардың ерлігі мен жанқиярлық еңбегін дәріптеу үшін арнайы мерейтойлық медаль әзірленеді. Сәуір-мамыр айларында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған пойызы жолға шығады. «Медициналық пойыздар» кең ауқымды әлеуметтік жобасы аясында шалғайдағы елді мекен тұрғындарына профилактикалық-диагностикалық медициналық қызмет көрсетіледі. ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және оларға теңестірілген азаматтар үшін білікті мамандардың тегін тексеруінен өтіп, қажетті ем-дом алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, ардагерлерге үй жағдайында медициналық қызмет көрсетіледі.
Жыл бойы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері шипажай-курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі. «Ардагерлер туралы» ҚР Заңына сәйкес, бұл шара олардың денсаулығын жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру және мемлекет тарапынан алғыс пен қолдауды білдіру мақсатында ұйымдастырылады.
Бұндай бастамалар – ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегіне көрсетілген құрметтің көрінісі болмақ. Ел басына күн туған шақта жанқиярлық танытқан ардагерлердің ерлігін еске алып, олардың әл-ауқатын жақсарту – әрбір қазақстандық үшін парыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің дүниеден өтуіне...

Елдің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін қуатты фискалдық және сыртқы...

21 ақпан күні Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар...