Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин Оманның Инвестициялық банкі өкілдерімен кездесу өткізді

Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин Оманның Инвестициялық банкі өкілдерімен кездесу өткізді

Премьер-министрдің орынбасарлары Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин Оман инвестициялық банкінің (OIB) өкілі Ибрагим Әл-Эйсеримен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа форматтарын талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Ибрагим Әл-Эйсери Парсы шығанағы елдерінің Орталық Азия аймағына, атап айтқанда, логистика саласына инвестиция салуға қызығушылық танытатынын атап өтті.

Тараптар Оман банкінің Қазақстандағы ресми өкілдігін ашу мәселесін қарастырды.

Оман делегациясы Қазақстанға Парсы шығанағы, ОА және Кавказ елдерінің макроөңірлері арасындағы экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында Орталық Азия тікелей инвестициялар қорын құруда серіктес болуды ұсынды.

Кездесу Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаиди мырзаның Қазақстанға ресми сапары және Астанада өтетін Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының 1-отырысы қарсаңында өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің дүниеден өтуіне...

Елдің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін қуатты фискалдық және сыртқы...

21 ақпан күні Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар...