Қарағандыда «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды

Қарағандыда «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды

Қарағанды қаласының Достық үйінде Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған кездесуге еліміздің түкпір-түкпірінен қоғам қайраткерлері мен ғалымдар келді. Дөңгелек үстел барысында басты мақсаты өскелең ұрпақты патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиелеу болып табылатын «Адал азамат» жобасының іске асырылуы талқыланды. Адалдық, әділдік, әлеуметтік жауапкершілік, Қазақстанның еңбегі мен мәдени мұрасын құрметтеу қағидаттары бірінші орында болуы тиіс, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті. Ол өңірде жүзден астам этнос бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанын айтты.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі, моральдық бағдарларды қалыптастырудағы және этносаралық келісімді нығайтудағы Ақсақалдар кеңесінің негізгі рөлін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР ПӘ ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов атап өтті. Ол өңірдің белсенді ақсақалдарына Алғыс хаттар тапсырды.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин Ақсақалдар кеңесінің қызметін қолдау мен дамыту тетіктері туралы айтып берді.

Алаң иелері мен түрлі облыстардан келген қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мысалы, Павлодар облысының Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Василий Рак жастардың еңбек құндылықтарын қалыптастыруға тоқталды. Ол Ақсақалдар кеңесінің мүшелері оқушылармен кездесіп, оларға мамандық таңдауға көмектесіп, еңбек адамының беделін көтеруді ұсынды.

Отырыста ғалымдар: «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрсахан Бейсенбекова, «Адал азамат» жобасын әзірлеушілер Жамбыл Артықбаев пен Бүркітбай Аяған сөз сөйледі.

Қатысушылар «Адал Азамат» жобасы аясында өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша жұмысты күшейту қажеттігі туралы шешім қабылдады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің дүниеден өтуіне...

Елдің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін қуатты фискалдық және сыртқы...

21 ақпан күні Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар...