21 ақпан күні Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік жетекшілік ететін салалардың өткен жылғы жұмыс қорытындылары мен алдағы жоспарларын талқыланды.
Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Скляр, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, мемлекеттік органдардың өкілдері, өңір әкімдіктері, Министрліктің Қоғамдық кеңесінің мүшелері мен Министрлікке қарасты ұйымдар қатысты.
Алқа отырысында Министрліктің 2024 жылғы жұмыс қортындылары аталып өтті: Президент Жарлығымен «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы өзектендірілді, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Үкімет қаулысымен бекітілді, Жасыл экономиканың 9 бағыты бойынша 103 іс-шара қарастырылды.
Үкімет қаулысымен Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітілді.
Өткен жылы экологиялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қолдау күшейтілді.
Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы өңдеуші өнеркәсіп саласында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған экологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін 120 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Қалдықтарды жинау және қайта өңдеумен айналысатын арнайы кәсіпорындарға төлем жасауға арналған «EcoQoldau» бағдарламасы қайта іске қосылды.
Орман шаруашылығы мекемелерінің машина-трактор паркін жаңарту жалғастырылды.
2023-2024 жылдары шамамен 2 мың бірлік техника мен 4 мың бірлік жабдықты сатып алуға шамамен 68 млрд. теңге бөлінді.
Мұндай ауқымды жаңарту тәуелсіздік жылдарында алғаш рет жүзеге асып жатқанын атап өткен жөн.
2025 жылы да Министрліктің алдында маңызды міндеттер тұр.
Біріншіден, Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы Қазақстан халқы тарапынан жоғары деңгейде қолдау табуда.
Осы жылы 2024 жылдың қорытындысын салтанатты түрде атап өту мақсатында «TazaLike» фестивалін Астана қаласында өткізу жоспарлануда.
Екіншіден, өткен жылғы кемшіліктерді ескере отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру күшейтіледі.
Ағашты терең өңдеу бойынша инвестициялық жобаларды жедел жүзеге асыру және олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында биылғы қаңтар айында өткен Инвестициялық штаб отырысында аукцион өткізбей-ақ инвесторлармен шарт жасасу тәртібі қабылданды.
Тағы бір маңызды бағыт – сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды сақтау.
Өткен жылы Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру жобалары басталды.Сондай-ақ, Ресей Федерациясымен шекарада киіктердің еркін қоныс аударуы үшін экологиялық дәліздер құру және көші-қон жолдарын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
24 мемлекеттік орман иеленушінің аумағында ерте анықтау жүйесін енгізу, жабық тамыр жүйесі бар отырғызу материалын өсіруді масштабтау жұмыстарын бастау, лизингтік қаржыландыру шеңберінде өртке қарсы техникаларды сатып алуды аяқтау, Семей Орманы резерваты үшін ағаш дайындау техникасын сатып алу, Ақкөл орман шаруашылығы базасында орман шаруашылығы қызметкерлері үшін өңірлік білім беру орталығын ашу бойынша жұмыстарды бастау, Қызылорда қаласында Қазақ орман шаруашылығы ғылыми институтын филиалын ашу, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда құру және кеңейту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, 3 Ерекше қорғалатын аумақты 648 мың гектарға кеңейту.
Сондай-ақ, «Жасыл даму» АҚ бірлесіп, 6 ұлттық паркте «Таза туризм» жобасын іске асыруды жалғастыру, 6 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда Бақылау өткізу пункті автоматтандыруды жүргізу, қолма-қол ақшамен төлеуді болдырмау.
Келесі маңызды мәселе – Министрлік қадағалайтын бағыттар бойынша заңнаманы жетілдіру. Қазіргі уақытта Мәжілісте Парламент депутаттары мен Үкімет бастамашы болған ауқымды түзетулер қаралуда.
Алқа отырысы аяқталғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарына арналған Орталық коммуникациялық қызметінде брифинг өткізілді.