Елдің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін қуатты фискалдық және сыртқы баланстар болып қала береді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Агенттік сарапшылары елдің өтімді сыртқы активтері сыртқы борыштан едәуір асып түседі деп болжап отыр.
S&P мұнай өндірудің жоспарланған өсуі және Теңіз мұнай кен орнындағы қуаттылықтардың кеңеюі экономикалық өсімге оң әсер ететінін атап өтті.
Басылымда Қазақстанның орта мерзімді фискалдық траекториясы фискалдық ережелердің сақталуына байланысты болатындығы атап өтілді. Салық базасын кеңейту және ҚР Ұлттық қорынан қосымша трансферттерді шектеу бюджет тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сондай-ақ S&P Қазақстанның банк секторын геосаяси және макроэкономикалық тәуекелдерге тұрақтылығын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, екінші деңгейлі банктердің капитал қоры мен тұрақты өтімділігі жеткілікті.