Шымкентте көркем гимнастикадан жас чемпиондар анықталады

Шымкентте көркем гимнастикадан жас чемпиондар анықталады

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР VI Жастар спорттық ойындары басталды. Төрт жылда бір өтетін спорттық бәсеке 26 ақпан мен 1 наурыз аралығына жоспарланған. Кеше жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Көркем гимнастикадан Жастар ойындарына еліміздің барлық өңірлерінен және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, жалпы 300-ден астам спортшы қатысады. Жарыс жекелей және топтық жаттығу бойынша үш жас ерекшелігі аясында өтеді. Шымкент қаласынан жауапты сайыста жалпы 25 спортшы бақ сынап жатыр.

VI Жастар спорттық ойындары – жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашатын маңызды жарыс. Сондай-ақ, осы жарыста алдағы республикалық және халықаралық турнирлерге қатысатын ел үздіктері анықталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Өскемен қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және...

Премьер-министр Олжас Бектенов PGI Management компаниясының президенті Джоан Виладоматпен тау шаңғысы туризмін дамытудағы ынтымақтастық мәселелері...