2023 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы прокурорларға маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді тапсырды. Бұл - қадағалаудың жаңа бағыты. Бірінші кезекте, Бас прокуратура Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен және инвестицияларды тарту бойынша «ҚазақИнвест» ұлттық компаниясымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Бас прокуратурада Инвесторларды қорғау бойынша арнайы басқарма құрылып, оның 2 қызметкері «ҚазақИнвест» кеңсесінде тұрақты орналастырылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Ризат Смағұлов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, өңірлерде «Бір терезе» принципімен фронт-офистер, әрбір прокуратурада бизнес пен инвесторлар үшін тәулік бойы қызмет көрсететін Сall-орталықтар іске қосылды. Инвесторлардың әрбір өтініші уәкілетті органдарға жолданбай, прокурорлармен қаралады. Бастапқы кезеңде инвесторлармен кері байланыс орнатуда маңызды болды. Оған «Атамекен» Ұлттық палатасы, Бизнес-омбудсмен және «ҚазақИнвест» компаниясы көмектесті.
«Бірауыздан бизнес-қауымдастығы және сарапшылар мемлекеттік органдардың шешімдеріне тікелей тәуелді жобаларды іске асыру кезінде ұзақ және көп сатылы рәсімдер мәселесін көтерді. Мысалы, кәсіпкермен мектептің құрылысын бастау үшін мемлекеттік сараптама, сәулет және экологиялық бақылау сияқты әр түрлі инстанциялардан 100-ден астам рұқсат құжаттары қажет. Инженерлік желілерге қосылу мәселелері де туындайды. Оларды жинаудың процесі бір жарым жылға созылуы мүмкін, соның өзінде бәрі сәтті аяқталатынына кепілдік жоқ»,-деді спикер.
Қазір осындай созылмалы жағдайларға прокурорлар белсенді араласып,шенеуніктердің іс-әрекеттеріне құқықтық баға береді және инвесторлардың проблемалық мәселесін тез арада шешуге көмектеседі. Бүгінге прокурорлардың назарында барлығы 42 трлн теңгеге 900 жоба бар. Әрқайсысы зерделеніп, 800 инвесторға көмек көрсетілді. Олардың ел экономикасына салынған үлесі 12 трлн теңгеден асады . Бұл жерде біз жазаның бұлтартпаушылық принципін қатаң ұстанамыз. Инвестордың құқықтары бұзылудың әрбір фактісі бойынша кінәлілердің жауапкершілігі туралы мәселе түбегейлі қойылады. Жалпы,прокурорлар инвесторларды қорғау мәселесіне қатысты 220 қадағалау актісін енгізіп, мемлекеттік органдардың 60 актісінің күшін жойды, 140 лауазымды тұлға жазаланды.