Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұжымына жаңа министрді таныстырды

Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұжымына жаңа министрді таныстырды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Олжас Бектенов Қанат Шарлапаевқа салаларды, әсіресе, өңдеу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Отандық өндірушілерді қолдау шараларын кеңейту, заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі соңғы 10 жылдағы ең серпінді өсімге қол жеткізіп, 5,9%-ға өсті. 

Жаңа министр – Ерсайын Нағаспаевты таныстыру барысында Премьер-министр қол жеткізілген нәтижелерді бекіту және өңдеу өнеркәсібінің одан әрі өсуін қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді атап өтті. 

Импортты алмастыруды қамтамасыз ету және экспортты кеңейту үшін қосылған құны жоғары өнім шығаруды жандандыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді. Инвесторлармен және бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынасқа баса назар аударылады.

ӨҚМ ұжымына Президенттің құрылыс саласын дамыту және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша міндеттер белгіленді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Заместитель акима Алматы Алишер Абдыкадыров обратился к горожанам перед началом общегородской акции «Алматы – наш общий дом», которая проходит в...

«Бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз әрі мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала береді», - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бүгінде...