Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Шымкент қаласында денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жоспарлы жұмыстар қолға алынған. Шаһарда бүгінгі таңда екі ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Мұнда жылу жүйелері, желдеткіштер толығымен ауыстырылып, есік-терезелері жаңартылуда. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

№1 қалалық клиникалық ауруханасының ғимаратында жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен орындалып келеді. Бүгінде аурухананың А, Б, Г және шаруашылық блогында жөндеу жұмыстары аяқталып, В блогында жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ, мамандандырылған бөбектер үйі және №2, №13 қалалық емханасында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бюджеттік ұсыным берілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен №4, №9, №10, №11 емханаларына жаңа ғимарат салу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ