Өскемен мен Бурабай тұрғындарына Шымкенттің туристік мүмкіндіктері таныстырылуда

Өскемен мен Бурабай тұрғындарына Шымкенттің туристік мүмкіндіктері таныстырылуда

Шымкент қаласының туристік әлеуетін насихаттау мақсатында Өскемен қаласы және Бурабай кентінде арнайы ақпараттық бұрыштар ашылды. Аталған іс-шара Шымкент қаласының туризм саласындағы мүмкіндіктерін Бурабай мен Өскемен тұрғындары мен қонақтарына таныстыруды көздейді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Ақпараттық бұрыштарда келушілер Шымкенттің тарихи және мәдени нысандары, ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, мейрамханалар мен туристік қызметтер туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, Шымкенттің гастрономиялық ерекшеліктері мен дәстүрлі фестивальдері туралы мәліметтер ұсынылып, арнайы карталар, буклеттер және басқа да ақпараттық материалдар тегін таратылуда.

Ақпараттық бұрыштар тұрғындар мен қонақтарға Шымкенттің туристік әлеуетін таныстыруда маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Алматы, Түркістан және Самарқанд қалаларында да ақпараттық бұрыштар ашылып, жұмыс істеуде. Алда басқа да қалалардан ашу жоспарда тұр.

Айта кетсек, 2024 жылдың 9 айында Шымкент қаласына 387 547 турист келген. Оның ішінде, 24 462 адам шетелдіктер. Соңғы жылдары шаһарға келуші туристер саны артып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанай облысындағы бес ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшысы, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Бір округке бес...

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық техника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - қытайлық Mindray корпорациясымен бірлесіп, Қазақстан...

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий...